ӨТЕЛГЕН ҚОҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 905 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Қазақстанның орнықтылық қоры 40 млрд теңге сомасына бір жылдық KZ2C00008696 облигацияларын толықтай өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы көлемі 3,8 млрд теңгені құрады. Аталған құнды қағаздар айналымға 2022 жылдың 16 қыркүйегінде түскен болатын.

ҚОҚ өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда және облигацияларды одан әрі орналастыруды жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қыркүйек 18, 2023