«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007508 облигацияларын 10 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақының мөлшері 976 388 889 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 97,64 теңге болды.
Бір жылдық облигациялар (370 күн) 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 13 тамызда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.
Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 380 млрд теңге құрайды.
Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.
ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.