«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 95,6 млрд теңге сомасына KZ2C00007300 облигацияларын өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы сомасы 9,082 млрд теңгені құрады.
Жалпы, ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚОҚ инвесторларға 122,522 млрд теңге төледі.
ҚОҚ өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда және облигацияларды одан әрі орналастыруды жоспарлап отыр.
Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.
ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.
ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».