ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 50 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006948 облигацияларын 50 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақының ортақ мөлшері 8,5 млрд теңгені құрады. Оның тең жартысы 2021 жылы, ал қалғаны бүгін төленді. Бір купонның кірісі 85 теңге болды.

Екі жылдық облигациялар 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 4 қыркүйекте шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 430 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Қыркүйек 5, 2022