ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ KZ2C00007136 ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ЕКІНШІ КУПОНДЫ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжам «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) 950 млн теңге сомасына купондық сыйақы төлегені туралы хабарлайды. Бір облигацияға шаққандағы кіріс 95теңгені құрады.

10 жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 20 қарашада шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазіргі уақытта ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына кіреді және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден ипотекалық несиелерді сатып алу үшін шығарылады.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы.

Posted by / Қараша 21, 2022