ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚАЗАН АЙЫНДА СЫЙАҚЫСЫМЕН БІРГЕ 30 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) 30 млрд теңгелік KZ2C00008043 облигацияларын өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақының мөлшері 2,85 млрд теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар 2021 жылғы 10 қыркүйекте шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Қазан 3, 2022