ҚОҚ НАУРЫЗДА 38 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 38 млрд теңге сомасына бір жылдық (айналу мерзімі 360 күн) KZ2C00008738 облигацияларын толық өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы сомасы 3 610 800 000 теңгені құрады.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Наурыз 5, 2024