ҚОҚ ҮШ ЖЫЛДЫҚ ҚАЛҚЫМАЛЫ КУПОНДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ДЕБЮТТІК ШЫҒАРЫЛЫМЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) TONIA индикаторына байланған облигацияларды өтеді. Өтелген облигациялар сомасы 39,9 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ сондай-ақ қыркүйек айында пайыздық мөлшерлемесі бекітілген екі облигациялық шығарылымды да толық өтеді. Осылайша, ай қорытындысы бойынша Қор жалпы сомасы шамамен 105 млрд теңге болатын облигацияларды өтеген.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда өтелген облигациялардың жалпы сомасы 1,6 трлн теңгеге жетті.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қыркүйек 30, 2025