ТАМЫЗ АЙЫНДА ҚОҚ ӨТЕГЕН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 1,6 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2025 жылдың тамыз айында жалпы сомасы 50 млрд теңге болатын екі жылдық мерзімі бар қос облигация (KZ2C00007565, KZ2C00009447) шығарылымын өтеді. Олардың жылдық купондық сыйақы мөлшері 9,5-12,5% аралығын құрады. Инвесторларға 5,95 млрд теңге сыйақы төленді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда өтелген облигациялардың жалпы сомасы 1,6 трлн теңгеге жетті.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Тамыз 18, 2025