ҚОҚ ЕКІ ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАР БОЙЫНША КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00006948 екі жылдық облигациялары бойынша купондық сыйақыны уақытында төлегені туралы хабарлайды. Сыйақының мөлшері 4 250 000 000 теңгені құрады.

Аталған облигациялар 2020 жылы 4-ші қыркүйекте 8,5% жылдық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына шығарылған болатын. ҚОҚ бағалы қағаздарын екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары мен брокерлік ұйымдар сатып алды.

Осылайша, ҚОҚ ағымдағы жылы сыйақының үшінші төлемін жүзеге асырды. Осыдан бұрын ақпан және сәуір айларында 8,5 млрд теңге және 4,2 млрд теңге сыйақы төленген еді. Ал осы қыркүйектің соңында 70 млрд теңге сомасында облигациялар өтелуі тиіс. .

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық қоржыны бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы әрі «7-20-25» бағдарламасының операторы болып табылады.

Posted by / Қыркүйек 7, 2021

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАЗА КІРІСТІҢ 100 ПАЙЫЗЫН ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУГЕ ЖІБЕРДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («BBB»/болжамы «Тұрақты», Fitch, бұдан әрі – Қор) 2020 жылғы таза пайданың 32,4 млрд теңгесін дивидендтерді төлеуге жіберді. Бір жай акцияға есептегенде дивидендтің мөлшері 67 теңге 25 тиынды құрады. Дивидендтер Қор акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы өзінің міндеттемелерін орындауы шеңберінде төленді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша да қордың 27,7 млрд теңге сомасында таза пайданы түгелімен акционерге жібергенін еске саламыз.

Қор Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады. Негізгі мақсаттары: банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу; ипотекалық тұрғын үй қарыздарының қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етуге қатысу; ипотекалық тұрғын қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу; басымдық берілген жобаларды кредиттеу тетігіне қатысу; Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін төмендету шараларын іске асыруға қатысу.

Posted by / Мамыр 24, 2021

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ «7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ТУРАЛЫ РЕСМИ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

«7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде іске асырылуда. Бағдарлама ипотекалық кредиттеудің қолжетімді талаптарымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Ипотекалық тұрғын қарыздарын беру көлемі бойынша бекітілген лимит 1 триллион теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 325 млрд теңгеге жуық сомаға несие берілді, ол өз кезегінде бастапқы тұрғын үй нарығынан 27 мың қазақстандық отбасының үйлі болуына септігін тигізді.

«7-20-25» бағдарламасының мерзімі шектеусіз, бағдарлама бекітілген 1 трлн теңге лимитіне жеткенге дейін іске асырылады.

«Баспана Хит» бағдарламасы 600 млрд теңге құрайтын бекітілген индикаторға сәйкес осы лимитке жеткеннен кейін аяқталады. Қазіргі кезде жалпы берілген қарыздар сомасы 493 млрд теңгені құрады, соның нәтижесінде 54 мыңнан астам  отбасы баспана ала алды.

Екінші деңгейдегі банктердің болжамы бойынша осы сома ағымдағы жылдың аяғына дейін игеріледі.

Бұл ретте «Баспана Хит» бағдарламасы халық үшін қолданыста болған үйлер нарығында ипотеканың қолжетімділігін арттыру бойынша өз міндетін толық орындағанын атап көрсеткен жөн. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктер «Баспана Хит» бағдарламасына ұқсас кредиттеу талаптарын әзірледі және ұсынуда. Демек, енді мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін одан әрі ынталандыру қажеті жоқ. Бұл жағдай бағдарламаны жоспарлы түрде аяқтауға мүмкіндік береді.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы) – «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларының операторы болып табылады.

Posted by / Мамыр 20, 2021

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ ТУРАЛЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның Директорлар кеңесі құрамының өзгеруі туралы хабарлайды:

Қоғамның Жалғыз акционерінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №4 шешіміне сәйкес:

  1. Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі Есжан Амантаевич Биртановтың өкілеттіктері мерзімнен бұрын, 2021 жылғы 12 сәуірден бастап тоқтатылды.
  2. 2021 жылғы 12 сәуірден бастап Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі болып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Берик Шолпанкулович Шолпанкулов сайланды.

Енгізліген өзгерістерді ескере отырып, Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай адамдар кіреді:

  1. Берик Шолпанкулович Шолпанкулов – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.
  2. Ерболат Серикович Оспанов – Басқарманың Төрағасы;
  3. Джованни Капаннелли – тәуелсіз директор.

 

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының

Директорлар кеңесінің Төрағасын сайлау туралы

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі №4 шешімімен Берик Шолпанкулович Шолпанкулов Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланғаны туралы хабарлайды.

Posted by / Сәуір 16, 2021

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00006484 үш жылдық облигациялары бойынша купондық сыйақыны уақтылы төлегенін хабарлайды. Сыйақының мөлшері 8,5 млрд теңге құрайды.

Облигациялар 8,5% купондық жылдық кірістілігімен 100 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 27 ақпанда айналысқа түсті және екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компаниялардың, активтерді басқару жөніндегі қорлардың және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Өткен жылдың соңында ҚОҚ Қазақстан қор биржасында ұзақмерзімді 10 жылдық облигациялардың дебюттік орналастыруын жүргізді. Орналастыру көлемі 10 млрд теңге болды және сауда-саттықтың қорытындысы бойынша бағалы қағаздар жоғарылатылған қайта жазылумен өткізілді, бұл инвесторлар тарапынан ұзақмерзімді инвестициялар үшін сенімді қаржы құралы ретінде ҚОҚ облигацияларына деген жоғары сұранысты көрсетті.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мақсатында шығарылады.

Posted by / Наурыз 2, 2021

«7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ 2020 ЖЫЛЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАЛДЫ

2020 жылы «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары арқылы 34 549 қазақстандық меншікті баспанаға ие болды. Берілген кредиттердің жалпы сомасы 349,7 миллиард теңге құрады. Оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 120,8 млрд теңге сомасына 10 207 кредит берілді, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 228,8 млрд теңге сомасына 24 342 қарыз берілді. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштерге қарағанда, 25%-ға артқан.

Ипотекалық қарыздар ең көп Сбербанк, ЦентрКредит Банк және Халык банк арқылы берілді. ЦентрКредит Банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша қатарынан үш жыл ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасын іске асыруда біріншілікті сөзсіз Сбербанк  алады. Оператор – Қазақстанның орнықтылық қоры көшбасшы банктерге алғыс хатын жіберді.

Өткен жылы ипотекалық кредиттеу нарығы пандемия жағдайында өсті. Ипотекалық кредиттердің беру қарқынының баяулауы локдауынның енгізілуі кезеңінде наурыздан бастап мамырға дейін байқалды. Мамырдың соңынан бастап қарқыны қалпына келіп, карантинге дейінгі деңгейге жетті.

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуы 2018 жылғы шілдеден басталғанын еске саламыз. Ол бойынша расталған табысы бар және өзге тұрғын үйі жоқ және басқа ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы пайдалануға енгізілген жаңа тұрғын үйді сатып алуға кредит ала алады.

«7-20-25» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін, 2018 жылғы қазанда бастапқы және қайталама нарықты қамтитын, сондай-ақ азаматтарға тұрғын үйді құрылысы салынып жатқан кезеңде сатып алуға мүмкіндік беретін «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы енгізілді.

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары нарықтық талаптармен, КАSE-де қаражат тарту арқылы қаржыландырылады және қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуда маңызды рөл атқарады.

Қазіргі кезде 69 мыңға жуық отбасы меншікті баспанаға ие болды. Жиынтығында 679 млрд теңгеден аса берілді. Ипотекалық бағдарламаларға филиал желілері таралған 9 ірі қазақстандық банк қатысады.

Posted by / Ақпан 18, 2021

АЛМАТЫ ТҰРҒЫНЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҚТАРЫН ПАЙДАЛАНЫП, «БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ПӘТЕР САТЫП АЛДЫ

Алматы қаласының тұрғыны өзінің зейнетақы жинақтарын пайдаланып, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша пәтер сатып алды.

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы шеңберінде зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы бірінші қарыз берілді. Алматының тұрғыны БЖЗҚ-дан түскен қаражатты алғашқы жарна ретінде пайдаланып, ипотекаға баспана алды.

Еnpf-otbasy.kz порталында өтінім беруден бастап, кілтті алғанға дейінгі барлық жұмысқа 7 жұмыс күні кетті.

Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының шекті мөлшерінен асатын қаржыны «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша несиені мерзімнен бұрын өтей, не бастапқы жарна ретінде жұмсай алатынын еске саламыз.

Бұл үшін:

  • БЖЗҚ-дан алуға рұқсат етілген соманы білу (онлайн режимінде);
  • Уәкілетті оператор болып табылатын банктердің бірінде арнайы шот ашу (онлайн режимінде);
  • Бірыңғай оператордың enpf-otbasy.kz порталында зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініш беру (онлайн режимінде);
  • Порталға талап етуге құжаттарды жүктеу қажет (онлайн режимінде).

10 ақпандағы жағдай бойынша «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары аясында берілген кредиттердің сомасы 670 млрд теңгеден асты. 68 мың қазақстандық отбасы баспанаға ие болды.

Posted by / Ақпан 10, 2021

FITCH ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН «ВВВ»/»ТҰРАҚТЫ» ДЕҢГЕЙІНДЕ РАСТАДЫ

Fitch Ratings «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (бұдан әрі – ҚОҚ) эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін («ЭДР») тұрақты болжамымен «ВВВ» деңгейінде растады.

Fitch пікірі бойынша «ҚОҚ мәртебесі, меншігі және қызметіне бақылау «өте жоғары» деп бағаланады. «Бұл мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін қолайлы саяси жағдайларға негізделген», – деп хабарлайды Fitch.

Posted by / Қаңтар 25, 2021

ALTYN BANK «7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚОСЫЛДЫ

Altyn Bank «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық  бағдарламалары бойынша азаматтардың өтінімдерін қабылдай бастады. Банк пен ипотекалық бағдарламалардың операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамының арасында тиісті келісімге қол қойылды.

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасының басты артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме – жылдық 7%-бен 25 жыл мерзіміне беріледі, бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан 20% құрайды. Бұл бағдарлама бойынша жылжымайтын мүлікті бастапқы нарықтан ғана сатып алуға болады.Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны  – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды қаласы үшін 20 млн теңге, басқа өңірлер үшін 15 млн теңге құрайды.

«Баспана Хит» ипотекалық бағдарламасы бойынша Altyn Bank-тің клиенттері жаңа тұрғын үйді ғана емес, қайталама нарықтағы үйді де сатып алуға өтінім бере алады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің ең жоғары құны – 35 млн теңге, қайталама нарықта – 25 млн теңге, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында – 20 млн теңге, басқа өңірлерде – 15 млн теңге құрайды. «Баспана Хит» бағдарламасының талаптары бойынша қарыздар тұрғын үйдің құнынан 20% бастапқы жарнасымен 15 жыл мерзіміне беріледі. Ипотекалық қарыз теңгемен беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша есептеледі: ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі +175 базистік тармақ (ағымдағы күнге – жылдық 10,75%)

«Altyn Bank қосылғаннан кейін «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларына қатысушы банктер саны тоғызға дейін өсті. Серіктестер қатарының артуы бағдарламалардың ауқымын кеңейтеді, клиенттік сервисті жақсартады және азаматтарға өзіне қолайлы банкті таңдауға мүмкіндік береді», – дейді «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков.

«Біз әрбір клиентіміздің ипотека бойынша ең қолайлы және қолжетімді талаптарын таңдауға мүмкіндік алуын қалаймыз. «7-20-25» және «Баспана Хит» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу біз үшін маңызды қадам, ол біздің клиенттерімізге ең ұтымды нарықтық талаптармен тұрғын үй кредитін алуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді «Altyn Bank» АҚ Бөлшек өнімдер департаментінің директоры Жанара Шалабаева

Қазіргі кезде «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотекалық кредитті Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Халық банк, АТФБанк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jysan bank, ForteBank және Altyn Bank береді.

Altyn Bank-тен ипотекалық кредит бойынша  +7 (727) 35-65-777 телефоны арқылы кеңес алуға болады. Өтінімдер Altyn Bank-тің  Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы бөлімшелерінде қабылданады.

Posted by / Желтоқсан 24, 2020

«БАСПАНА ХИТ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ РЕТ САЛЫНЫП ЖАТҚАН ҮЙГЕ ИПОТЕКА БЕРІЛДІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі биыл қыркүйек айында «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша жаңа өзгерістерді бекіткен болатын.

Бағдарламаның жаңа талаптарына сәйкес Қазақстан азаматтары екінші деңгейдегі банктің жобасы бойынша үлестік қатысу шеңберінде немесе тұрғын үй құрылысының жалғыз операторының кепілдігімен салынатын тұрғын үйді сатып алуға ипотека ресімдей алады. Сонымен бірге, бастапқы нарық үшін тұрғын үй құнының ең жоғары лимиттері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында 25 млн теңгеден 35 млн теңгеге дейін, сондай-ақ бастапқы және қайталама тұрғын үй үшін – Шымкент қаласында 25 млн теңгеге дейін және Қарағанды қаласында 20 млн теңгеге дейін өзгертілді.

«Баспана Хит» бағдарламасының жаңа талаптарын бірінші болып Алматы қаласының тұрғыны Ләйлә Анасова пайдаланып көрді.

«Көптен бері үйімізді кеңейту жолдарын іздеген едім», – дейді Ләйлә. «Біз отбасымызбен екі бөлмелі пәтерде тұрдық. Оның көлемі небәрі 50 шаршы метр. Біз үшін өте тар еді. Салынып жатқан үйдің дайын үйге қарағанда арзан екенін білетін едім. Бірақ құрылыс салушының бөліп төлеу талаптары маған қолайсыз болды».

Ләйләнің айтуы бойынша, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша салынатын тұрғын үйді сатып алуға болатыны туралы ақпаратты әріптесінен естіген. Сол бойынша жаңалықтарды оқып, біліп жүрді. Бағасы қымбат емес және орналасқан жері барынша қолайлы, құрылыстың аяқталуына кепілдігі бар тұрғын үй кешендерін іздестіре бастаған.

«Нәтижесінде ЦентрКредит Банк аккредиттеген Qazaq Stroy құрылыс компаниясынан «Terracotta» тұрғын үй кешенін таңдадым. Зейнетақы қорынан алынатын қаражаттың есебінен ипотеканы жартылай жабуға ниеттімін. Құрылысшылар үйімізді келесі жылдың күзінде пайдалануға беруге уәде беріп отыр», – дейді Ләйлә.

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықовтың  айтуынша, банктер қаржылық тұрақтылығын тексеріп, аккредитациядан өткізген құрылыс компанияларының салынып жатқан тұрғын үй нысандары «Баспана Хит» бағдарламасына қатыса алады.

«Баспана Хит» бағдарламасының жаңа талаптары тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға және бастапқы тұрғын үйге сұранысты көбейтуге бағытталған. Жақын арада бағдарламаның жаңа талаптары бойынша ипотекалық қарыздар беруге басқа да банктер мен аккредиттелген құрылыс салушылар қосылады», – деді Рүстем Қыдықов.

Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұрғын үй нарығында ұзақ мерзімді кредиттеуді ынталандыру мақсатында «Баспана Хит» ипотекасын 2018 жылы іске қосқан еді. Бүгінгі күні 40 мыңнан астам қазақстандық осы бағдарлама бойынша үйлі болды.

Posted by / Желтоқсан 14, 2020