RU

ҚОҚ ӨТЕГЕН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ 320 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) облигацияларды 100 миллиард теңге сомасына өтеді. Осы шығарылым бойынша инвесторларға 108,5 млрд теңге төленді, оның ішінде 8,5 млрд теңге купондық сыйақы болып табылады. Екі жылдық облигациялар 100 млрд теңге сомасына 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 2019 жылғы 15-ші қарашада шығарылды. Бағалы қағаздар екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару жөніндегі қорлардың және брокерлік ұйымдар арасында өткізілді.

Ағымдағы жылы ҚОҚ инвесторларға 70 және 100 млрд теңгеге екі облигациялар өтемін және 64,175 млрд теңге жалпы сомасына купондық сыйақының сегіз төлемін жүргізді. Облигациялардың бүкіл кезеңінде ҚОҚ өтеген облигациялардың көлемі 320 млрд теңгеге жетті.

ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздары сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында шығарылады

ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздары сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Жарияланды / Қараша 16, 2021