ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2024 ЖЫЛ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

Жыл қорытындылары бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, қаржылық тұрақтылықты нығайтуға және ел экономикасының орнықты дамуына бағытталған ҚРҰБ стратегиялық міндеттерін іске асырудағы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) жетістіктері мен табыстарын көрсетеді.

Қор келесі үш стратегиялық бағыт бойынша белсенді жұмыс істеуін жалғастырады:

  1. Қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
  2. Экономиканы мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға қатысу;
  3. Тиімді және орнықты Қор құру.

Қаржы жүйесінің орнықтылығына жәрдемдесу шеңберінде Қор екінші деңгейдегі банктердің қаржылық орнықтылығы бағдарламасының іске асырылуына мониторинг жүргізеді. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша осы Бағдарламаға қатысатын банктердің жиынтық активтері 12%-ға ұлғайды, меншікті капиталы 35%-ға өсті, бөлінген қаражатты мерзімінен бұрын қайтару 218,3 млрд теңгені құрады.

Жалғыз тұрғын үйді сақтап қалу және халықтың кредиттік жүктемесін төмендетуге жәрдемдесу мақсатында 2024 жылы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде Қор жалпы сомасы 15,5 млрд теңгеге 1,2 мыңға жуық қарыз алушыны қайта қаржыландырды.

2024 жылы Қор халық үшін әлеуметтік маңызы бар экономиканы мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуын жалғастырды: «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге сомасына қарыздар берілді, бұл 5,9 мыңнан астам азаматқа тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік ашты.

12,2 млрд теңгеден астам сомаға жеңілдікті автокредиттеудің револьверлік тетігі бойынша Қор 2024 жылы отандық өндірістегі автокқліктерді сатып алуды қаржыландырылды. Бұл 800-ден астам қазақстандыққа жаңа автокөлік сатып алуға мүмкіндік берді.

Қордың үйлестірілген жұмысының қорытындысы арқасында 79 млрд теңге мөлшеріндегі таза пайда алынды. Тиімділік көрсеткіштері: ROA – 1,97%; ROE – 2,76%.

Қор ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өсуге ұмтыла отырып, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Қордың 2023 жылға арналған Жылдық есебімен МЫНА ЖЕРДЕ таныса аласыз

Posted by / Шілде 10, 2025