RU

2023 ЖЫЛДЫҢ III ТОҚСАНЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

«7-20-25» бағдарламасы басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 948,5 млрд теңгеге 70 мыңнан астам несие берілді. Оның ішінде Астанада 395,4 млрд теңгеге 25,2 мың несие, Алматыда – 216,6 млрд теңгеге 14 мың несие, Шымкентте – 65,5 млрд теңгеге 5,3 мың несие, Қарағанды облысында – 51,7 млрд теңгеге 4,2 мың несие, Ақтөбе облысында – 29,5 млрд теңгеге 3 мыңнан астам несие берілді.

Еске салайық, 2023 жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Сома тоқсандар бойынша біркелкі бөлінеді. 2023 жылдың 1 қазанынан бастап Бағдарламаның серіктес банктері үшін 25 млрд теңге көлемінде төртінші тоқсанның лимиті күшіне енді.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

«7-20-25» бағдарламасы бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ғана ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ.

Жарияланды / Қазан 4, 2023