ҚОҚ 25 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ҮШ ОБЛИГАЦИЯ ШЫҒАРЫЛЫМЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың шілде айында үш облигация шығарылымын, оның ішінде қалқымалы мөлшерлемесі бар үш жылдық құнды қағаздарды уақытылы өтеді. Өтелген облигациялардың жалпы сомасы 25 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны жалғастырып келеді. Қазіргі таңда өтелген облигациялардың ортақ сомасы 2 трлн теңгеден асып отыр.

Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Шілде 15, 2026