RU

2024 ЖЫЛДЫҢ I ТОҚСАНЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

«7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 2024 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша 24 997,9 млн теңгеге 1 467 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 999,2 млрд теңгеге 73,2 мың несие берілді.

Оның ішінде Астанада 418,2 млрд теңгеге 26,5 мың несие, Алматыда – 231,7 млрд теңгеге 14,9 мың несие, Шымкентте – 67,5 млрд теңгеге 5,4 мың несие, Қарағанды облысында – 56,1 млрд теңгеге 4,5 мың несие, Ақтөбе облысында – 29,9 млрд теңгеге 3,1 мыңнан астам несие берілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Сома тоқсандар бойынша біркелкі бөлінеді. 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап Бағдарламаның серіктес банктері үшін 25 млрд теңге көлемінде екінші тоқсанның лимиті күшіне енді.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы толығырақ.

Жарияланды / Сәуір 1, 2024