RU

«7-20-25» САНДЫҚ ИПОТЕКАҒА АЙНАЛДЫ. БАҒДАРЛАМАҒА FREEDOM FINANCE BANK ҚОСЫЛЫП ОТЫР

Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасының қатысушысы болды. Қазақстанның орнықтылық қоры мен «Фридом Финанс Қазақстан Банкі» АҚ арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасын өзінің цифрлық ипотекасы негізінде іске асырмақ. Осылайша, азаматтар «7-20-25» бағдарламасының жеңіл шарттарын пайдалана отырып, онлайн режимде құрылыс компаниясынан пәтер таңдап, ипотеканы рәсімдей алатын болады.

«Freedom Finance Bank «7-20-25» бағдарламасының мүмкіндіктері мен ауқымын кеңейтеді. Тұрғын үй бағдарламасының жеңілдіктері мен банктің цифрлық технологиялары азаматтардың қолайлығын, жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді «, – деді «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков.

«7-20-25» бағдарламасының артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша – жылдық 7%, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20 пайызын құрайды. Несиелеу объектісі – бастапқы жылжымайтын мүлік. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды үшін 20 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге. Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша 471 млрд теңге сомасына 38 052 қарыз берілді.

Осылайша, «7-20-25» бағдарламасына екінші деңгейдегі 9 ірі банк қатысады: ЦентрКредит Банкі, Сбербанк, Халық банк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan bank, ForteBank, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.

Freedom Finance Bank арқылы «7-20-25» ипотекасын алу мәселелері бойынша толық кеңесті 595 нөміріндегі Call-орталық арқылы алуға болады.

Жарияланды / Ақпан 24, 2022