RU

«7-20-25» ЖӘНЕ «БАСПАНА ХИТ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРЫНА 90 КҮНГЕ ДЕЙІН МЕРЗІМ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ Басқармасының шешімімен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларды қолдау шараларын іске асыру шеңберінде «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламаларының клиенттеріне айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмей, 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 90 күнге дейін төлемді кейінге қалдыру ұсынылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі бекітілді. «7-20-25» және «Баспана хит» ипотекалық бағдарламалары бойынша төлемді кейінге қалдыру осы тәртіп шеңберінде қолданылады.

Тәртіпке сәйкес Банктер төлемдерді 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды ұсынады.

Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының кредиттік тарихына әсер етпейді. Төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін алу үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке еркін түрде  өтініш білдіру керек. Өтініш электрондық поштаның, «банк-клиент» онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның, басқа да байланыс құралдарының көмегімен немесе қарыз алушының банк бөлімшесіне келуі арқылы беріледі. Өтініштерді қарастыру мерзімі он жұмыс күнін құрайды.

Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Жарияланды / Қаңтар 24, 2022