«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch, «BBB» / «Тұрақты» болжамы, бұдан әрі – ҚОҚ) 27,7 млрд теңге табысты дивидендтер төлеуге бағыттады. Төлем ҚОҚ акционері – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы міндеттемелерін орындау аясында, сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің «Мемлекеттік акциялар пакетінің дивидендтері және ұйымдардағы мемлекеттік акциялар бойынша кірістер туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.
ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы.
Негізгі міндеттері:
банк секторының қаржылық тұрақтылығына ықпал ету;
ипотекалық тұрғын үй заемдарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге қатысу;
ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық қарыздар) қайта қаржыландыру тетігін іске асыруға қатысу;
басым жобаларды несиелеу механизміне қатысу;
Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шараларды іске асыруға қатысу болып табылады.