«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007110 облигациялар бойынша бірінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 2 330 993 720 теңге құрады.
Бес жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 24 536 776 000 теңге сомасына 2020 жылғы 11 желтоқсанда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.
Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.
Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.
ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.