«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Қоғамның жалғыз акционерінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 20 және 21 шешімдерімен басқарма мен директорлар кеңесінің қазіргі құрамының жаңа мерзімге қайта сайланғандығы туралы хабарлайды.
Қоғамның жалғыз акционерінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 20 шешімімен келесі тұлғалар Қоғам Басқармасының мүшелері болып сайланды:
1) Оспанов Ерболат Серікұлы – Басқарма төрағасы;
2) Әбішев Асқар Бауыржанұлы – Басқарма төрағасының орынбасары;
3) Қыдықов Рүстем Елтайұлы – Басқарма төрағасының орынбасары;
4) Бейсембиев Александр Касымович – басқарушы директор;
5) Суанкулова Анар Нуржановна – қаржы директоры.
Қоғам Басқармасының өкілеттік мерзімі 2020 жылдың 15 қыркүйегінен басталып, 1 (бір) жылға бекітіледі.
Қоғамның жалғыз акционерінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 21 шешіміне сәйкес, Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамына келесі адамдар сайланды:
1) Біртанов Есжан Амантайұлы – жалғыз акционерден өкіл ретінде – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары;
2) Оспанов Ерболат Серікұлы – Қоғамның Басқарма төрағасы;
3) Джованни Капаннелли, тәуелсіз директор ретінде.
Қоғамның Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2020 жылдың 19 қыркүйегінен басталып 3 (үш) жылға бекітілді.