«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00007318 облигациялары бойынша бірінші купонның уақтылы төленгені туралы хабарлайды. Төленген сыйақы сомасы 4 750 000 000 теңгені құрады.
Купон ҚОҚ-тың бес жылдық облигациялары бойынша төленді. Бір облигациядан түскен табыс 95 теңгені құрады. Аталған бағалы қағаздар 9,5% жылдық кірістілікпен 50 млрд теңге сомасында нарыққа шыққан болатын. Облигацияларды нарық ойыншылары: екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары және брокерлік ұйымдар сатып алды.
Бұл осы қаржы жылындағы бірінші купондық төлем. 2021 жылы ҚОҚ инвесторларға 71,4 млрд теңге сыйақы төлеген болатын. Ал Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап өтелген ҚОҚ облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңгені құрайды.
Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үші, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.
ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.