«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжам «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006906 облигациялары бойынша 24 млрд теңге сомасына купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды.
Сыйақыны төлеу Қазақстан қор биржасында көптеген инвестор сатып алған облигациялар шеңберінде жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына кіреді және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден ипотекалық несиелерді сатып алу үшін шығарылады.
ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы.