Ұзақ мерзімді теңге өтімділігін қамтамасыз ету бағдарламасының шарттарына сәйкес өңдеу өнеркәсібі мен агроөндірістік кешенде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерді қолдау үшін Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банктерге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на бөлген қаржы көлемі 1 трлн теңгені құрады.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕДБ және АНК бағыттары бойынша жалпы сомасы 1,4 трлн теңгеге 3 703 несие берілді. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қаражаты есебінен 380 млрд теңге бөлінді.
ЕДБ мен АНК бағыттары бойынша игерілген жалпы көлемде шағын кәсіпкерлік субъектілері – 51%, орта бизнес – 23%, ірі кәсіпкерлік субъектілері – 26% үлеске ие болды.
Бөлінген қаражаттың 52 пайызы өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету саласын, 37 пайызы агроөнеркәсіп кешеніндегі өндірісті, 11 пайызы агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеуді қамтыды.
Бағдарлама 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды.