ҚАЗАН АЙЫНДА ҚОҚ БІР ОБЛИГАЦИЯ ШЫҒАРЫЛЫМЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2025 жылдың қазан айында 21,0 млрд теңге сомаға бір жылдық  KZ2C00012052 облигацияларын өтеді. Құнды қағаздың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12,5% құраған. Инвесторларға 2,6 млрд теңге сыйақы төленді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қазан 21, 2025