«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың ақпан айында номиналдық көлемі 15 млрд теңге болатын KZ2C00012086 бір жылдық облигацияларын және номиналдық көлемі 20 млрд теңге болатын KZ2C00010726 екі жылдық облигацияларын жылдық 12,5% купондық мөлшерлемемен табысты түрде өтеді.
ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгіндері Қор өтеген облигациялардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеден асты.
Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.
ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.
ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».
