Халықаралық Fitch Ratings рейтингтік агенттігі «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) шетел және ұлттық валюталардағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «Тұрақты» болжаммен «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг 2026 жылғы 6 тамызда расталды.
ҚОҚ тұрақты балансы мен резервтерінің елеулі көлемінен көрінетін берік қаржылық бейінін сақтап отыр. Қор рейтингінің расталуы Fitch агенттігінің мемлекетпен байланысты ұйымдарды рейтингтеу критерийлеріне (Government-Related Entities, GRE) сәйкес Қазақстан Республикасы (BBB/Тұрақты) тарапынан ҚОҚ-қа қолдау көрсетілу ықтималдығын «іс жүзінде сөзсіз» деп бағалайтынын көрсетеді.
Мұндай бағалау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) Қор қызметіне көрсететін қолдауымен, сондай-ақ ҚОҚ-тың қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі және субсидияланатын ипотекалық кредиттеу бағдарламасын іске асырудағы маңызды рөлімен негізделген. Соның нәтижесінде ҚОҚ рейтингтері Қазақстанның егемендік рейтингтерімен теңестірілген.
2020 жылғы 11 ақпаннан бері Fitch Ratings ҚОҚ рейтингін осымен жетінші рет Қазақстанның егемендік рейтингі деңгейінде растады.
ҚОҚ-тың рейтингтік мәртебесі туралы толық ақпарат – Fitch Ratings агенттігінің ресми сайтында.
