ҚОҚ 9,66 МЛРД ТЕҢГЕГЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың қазан айында жалғыз бір жылдық облигация шығарылымын уақытылы өтеді. Өтелген облигациялардың жалпы сомасы 9,66 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны жалғастырып келеді. Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қазан 5, 2026