«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ («BBB» / «Тұрақты» болжам, Fitch, бұдан әрі – ҚОҚ) өз облигацияларын өтеу мақсатында құнды қағаздардың ұстаушыларына жалпы сомасы 108,5 млрд теңгені уақтылы және толықтай төледі. Оның ішінде купондық сыйақы 8,5 миллиард теңгені құрайды.
Облигацияларды өтеу орташа мөлшерлемесі жылдық 9,9% бойынша орналастырылған үшінші облигация шығарылымы аясында өтті.
ҚОҚ «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын нарықтық тетіктер арқылы қаржыландырып отыр. Ол үшін Қазақстан қор биржасында облигацияларды орналастыру арқылы қаржы көздері тартылады. Қазіргі таңға дейін осы мақсатта орналастырылған облигациялардың жалпы сомасы 370,3 млрд теңгені құрап отыр. Облигациялардың бес траншы жарық көрді. Төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.