«Нұрбанк» АҚ валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мақсатында «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен салым шартын жасады. 2019 жылғы 4 маусымнан бастап Банк қарыз алушылардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруға өтініштерді қабылдау процесін бастады. Осыған байланысты «Нұрбанк» АҚ салымшылары осы банкке тиісті өтінішпен жүгіне алады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық Банкке 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген халықтың валюталық ипотекалық қарыздары бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды.
Осы тапсырманы орындау үшін Ұлттық Банк Басқармасы 2018 жылғы 27 наурызда ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) бекітті. Бұл бағдарлама 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін берілген жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыруды көздейді.
Қарыздар Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруға жатады (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге). Толығырақ ақпарат алу үшін салымшылар «Нұрбанк» АҚ-ға 2552 (Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) нөмірлері бойынша хабарласа алады немесе +7 727 259 9710
Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкіне нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.: +7 727 261 92 45, +7 700 483 21 25. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қарыз алушыларға олардың аумақтық тиесілігіне сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің тиісті филиалдарына жүгінуге кеңес береміз. Филиалдардың байланыстары «Байланыс» бөлімінде http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian сілтемесінде бар.
Бағдарламаның шарттарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://www.nationalbank.kz/?docid=1552&switch=russian.