ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНЕ 160 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕР БЕРІЛДІ

Шағын және орта бизнесті 12 айға дейін жылдық 8% аспайтын мөлшерде жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Бағдарлама басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін банктер арқылы 1116 шағын және орта бизнес нысаны шамамен 160 млрд теңгеге несие алған. Несие алушылардың ішінде көтерме және бөлшек сауда, өндіріс және құрылыс саласы өкілдерінің үлесі басым.

Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясының ел экономикасына тигізетін жағымсыз салдарын жоюға байланысты тапсырмасы бойынша қолға алынған болатын. Шағын және орта бизнесті, төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 600 миллиард теңге бөлді. Бағдарламаны Қазақстанның орнықтылық қоры Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және елдегі ірі 12 банкпен бірлесіп жүзеге асырып отыр.

Posted by / Мамыр 25, 2020