RU

АЛАЯҚТАР ЖАЛҒАН ХАТТАР ТАРАТУДА. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚЫРАҒЫЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) алаяқтардың Қор атынан жалған хаттар таратып, сол арқылы азаматтардың қаражатын заңсыз иемденуге әрекет жасап жатқандығын ескертеді. Атап айтқанда, алаяқтар азаматтарға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру және меншік құқығын тіркеуге кепілдік беру бойынша Қор басшыларының атынан жалған кепілдік және ақпараттық хаттар таратуда.

Қор ешкімге ешқандай хаттар бермейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Қор «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының операторы болып табылады және тек екінші деңгейлі банктермен ғана жұмыс істейді. Қор жеке тұлғалармен жұмыс жүргізбейді, тұрғын үй нысандарының құрылысына қатыспайды және балансында тұрғын үй мүлкі жоқ.

Осыған байланысты азаматтарды қырағылыққа шақырамыз. Ешқашан ешкімге ақша бермеңіздер. Қор атынан белгісіз біреулердің хаттар немесе анықтама құжаттар беріп жүргенін көрсеңіз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сұрақ, не күдік туған жағдайда, Қорға +7 (727) 277-20-25 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Жарияланды / Мамыр 23, 2023