«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ: ҚАРЖЫЛЫҚ САҚТЫҚҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Қазақстанның орнықтылық қоры азаматтарды «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының айналасында әрекет ететін түрлі делдалдар мен күмәнді тұлғаларға сақтықпен қарауға шақырады. Қазіргі таңда Бағдарламаға қатысушы банктердің басым бөлігі өтінімдерді қабылдаудың толық онлайн форматына көшті. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп, баршаға бірдей тең қолжетімділік берді және өтінімдерді қарау процесіне араласу мүмкіндігін жойды. Онлайн-кезек автоматты түрде қалыптасады, ал банк қызметкерлері немесе үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір манипуляциялар техникалық тұрғыдан мүмкін емес.

Қазақстанның орнықтылық қоры өзін ипотекалық брокер, кеңесші немесе делдал ретінде таныстыратын «көмекшілер» тарапынан алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткенін хабарлайды. «7-20-25» бағдарламасының танымалдылығын пайдалана отырып, олар сыйақыға кезекті «жеделдетуді», орын «брондауды», несиені «мақұлдатуға кепілдік беруді» немесе банктердің лимиттерін «алып беруді» ұсынады. Алайда, бұл жалған қызмет. Себебі Бағдарлама аясында банктердің өтінім қабылдау процесі толық автоматтандырылған және оған сырттан әсер ету мүмкін емес. Банктер де өз құзыреті шеңберінде мұндай құқықбұзушылықтармен күрес жүргізуде. Ешкімге ақша төлемей, өзіңіз ипотекаға өтінім бере аласыз. Бұл тез, тегін және делдалдарсыз жүзеге асады. Күмәнді делдалдармен байланысқа түспеуді және оларға ақша бермеуді өтінеміз.

Құрылыс компанияларының сату бөліміндегі жағдайларға да ерекше назар аударамыз. Егер сату менеджерлері сыйақы сұрап, пәтер таңдауға немесе ипотека рәсімдеуге көмек ұсынса, көп жағдайда компания басшылығы өз қызметкерлерінің мұндай алаяқтық әрекеттерінен хабарсыз болып келеді. Мұндай жағдайларда тікелей құрылыс компаниясының басшылығына шағымдануға болады.

Егер сізге Қазақстанның орнықтылық қоры атынан мессенджерлерде, соның ішінде WhatsApp арқылы хабарлама келсе, ондағы сілтемелерге өтпеңіз. Хабарламаны жойып, жіберушіні бұғаттау ұсынылады. Алаяқтар зиянды сілтемелер немесе файлдар жіберуі мүмкін, бұл құрылғының бұзылуына және жеке деректердің таралуына әкелуі ықтимал. Назар аударыңыз: Қор қызметкерлері жеке тұлғалармен мессенджерлер арқылы байланыспайды.

Қор банктермен алаяқтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша тұрақты түрде өзара іс-қимыл жүргізеді. Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша Қазақстанның орнықтылық қорына хабарласа аласыздар: +7 (727) 277-20-25.

Posted by / Сәуір 7, 2026

СӘУІРДЕ ҚОҚ 24 МЛРД ТЕҢГЕ СОМАҒА ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылғы сәуір айында KZ2C00012037 бір жылдық облигацияларын 24 млрд теңге сомасында уақытылы және толық көлемде өтеді. Инвесторларға 3 млрд теңге көлемінде купондық сыйақы төленді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгіндері Қор өтеген облигациялардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеден асты.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Сәуір 6, 2026

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2026 ЖЫЛҒЫ I ТОҚСАНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

2026 жылғы I тоқсанда «7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 25 млрд теңге сомаcына 1 244 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 1 199,1 млрд теңгеге 84 399 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 503,1 млрд теңгеге 31 053 несие, Алматыда – 291,5 млрд теңгеге 18 074 несие, Шымкентте – 90,1 млрд теңгеге 6 648 несие, Қарағанды облысында – 72 млрд теңгеге 5 484 несие, Ақтөбе облысында – 31,6 млрд теңгеге 3 236 несие, Ақмола облысында – 31,3 млрд теңгеге 3 086 несие берілді.

2025 жылғы 26-шы қыркүйектен бастап сатып алынатын тұрғын үйдің шектік бағасы ұлғайтылды. Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтерілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Бағдарламаның операторы, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды. Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үй болмауы тиіс.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы ТОЛЫҒЫРАҚ

Posted by / Сәуір 3, 2026

ҚОҚ ҮШ ЖЫЛДЫҚ ҚАЛҚЫМАЛЫ КУПОНДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ЕКІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың наурызында KZ2C00009462 облигацияларын өтеді. Өтелген құнды қағаздар құны 40 млрд теңгені құрады.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгіндері Қор өтеген облигациялардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеден асты.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Наурыз 31, 2026

АҚПАНДА ҚОҚ ӨТЕГЕН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ОРТАҚ СОМАСЫ 35 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың ақпан айында номиналдық көлемі 15 млрд теңге болатын KZ2C00012086 бір жылдық облигацияларын және номиналдық көлемі 20 млрд теңге болатын KZ2C00010726 екі жылдық облигацияларын жылдық 12,5% купондық мөлшерлемемен табысты түрде өтеді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгіндері Қор өтеген облигациялардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеден асты.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Ақпан 10, 2026

ҚОҚ 2026 ЖЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ОБЛИГАЦИЯЛЫҚ ӨТЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың қаңтар айында 100 млрд теңге сомаға бес жылдық  KZ2C00007318 облигацияларын өтеді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгіндері Қор өтеген облигациялардың жалпы сомасы 1,9 трлн теңгеден асты.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қаңтар 22, 2026

«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

2025 жылы «7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 100 млрд теңге сомаcына 5 562 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 174,2 млрд теңгеге 83 155 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 492,8 млрд теңгеге 30 564 несие, Алматыда – 284,3 млрд теңгеге 17 728 несие, Шымкентте – 86,2 млрд теңгеге 6 452 несие, Қарағанды облысында – 70,3 млрд теңгеге 5 394 несие, Ақтөбе облысында – 31,4 млрд теңгеге 3 219 несие, Ақмола облысында – 31,1 млрд теңгеге 3 074 несие берілді.

2025 жылы сатып алынатын тұрғын үйдің шектік бағасы ұлғайтылды. Астана, Алматы қалалары және олардың қала маңы аймақтарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңгеден 30 млн теңгеге дейін, Қарағанды қаласында 20 млн теңгеден 25 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 15 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін көтерілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді. Бағдарламаның операторы, «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды. Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. Әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үй болмауы тиіс.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы ТОЛЫҒЫРАҚ

Posted by / Қаңтар 5, 2026

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2025 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕУ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2025 жылдың желтоқсан айында 40 млрд теңге сомаға қалқымалы купоны бар үш жылдық KZ2C00008902 облигациялары мен 30 млрд теңгеге тұрақты ставкасы бар бес жылдық KZ2C00007110 облигацияларын өтеді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Осыған орай, бүгінгі таңда өтелген облигациялардың жалпы сомасы 1,8 трлн теңгеге жетті.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Желтоқсан 12, 2025

«BBB», БОЛЖАМ «ТҰРАҚТЫ»: FITCH АГЕНТТІГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ РЕЙТИНГІН РАСТАДЫ

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) бойынша эмитенттің ұзақмерзімді дефолт рейтингтерін («РДЭ») шетел және ұлттық валютада «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады. Рейтинг 2025 жылғы 11 қарашада елдің суверенді рейтингтері деңгейінде қайта қуатталды.

Fitch Ratings сарапшыларының мәлімдеуінше, рейтинг агенттіктің квазимемлекеттік компанияларды бағалау критерийлеріне сүйене отырып берілген.

«Берілген баға Ұлттық Банктің бақылауына және ҚОҚ-тың қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ипотекалық несиелерді субсидиялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі маңызды мемлекеттік миссиясына негізделген. Осыған байланысты ҚОҚ рейтингтері Қазақстанның суверенді рейтингтерімен теңестірілді», – деп жазады, Fitch Ratings сарапшылары.

Бұл 2020 жылдың 11 ақпанынан бері ҚОҚ рейтингінің суверенді деңгейде алтыншы рет расталуы.

ҚОҚ рейтингі туралы толық ақпарат – Fitch Ratings ресми сайтында

Posted by / Қараша 12, 2025

ҚАЗАН АЙЫНДА ҚОҚ БІР ОБЛИГАЦИЯ ШЫҒАРЫЛЫМЫН ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2025 жылдың қазан айында 21,0 млрд теңге сомаға бір жылдық  KZ2C00012052 облигацияларын өтеді. Құнды қағаздың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12,5% құраған. Инвесторларға 2,6 млрд теңге сыйақы төленді.

ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қазан 21, 2025