ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ҚАЗАН АЙЫНДА СЫЙАҚЫСЫМЕН БІРГЕ 30 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) 30 млрд теңгелік KZ2C00008043 облигацияларын өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақының мөлшері 2,85 млрд теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар 2021 жылғы 10 қыркүйекте шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Қазан 3, 2022

ҚОҚ ҚҰБЫЛМАЛЫ СТАВКАМЕН ОБЛИГАЦИЯЛАР ОРНАЛАСТЫРА БАСТАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 29-шы қыркүйекте TONIA индикаторына бекітілген өзгермелі купоны бар облигацияларды тұңғыш рет биржаға шығарды. Өткен аптада KZ2C00008910 (KFUSb45) облигацияларының орналастыру көлемі 10 млрд теңгені құрады.

Аукционға нарықтағы инвесторлар қатысуда. Олар: екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары, брокерлік ұйымдар және жеке тұлғалар.

Облигацияның осы түрі ұстаушыларға тәуекелсіз ставкадан жоғары кірісті қамтамасыз етеді. Өйткені купон мөлшері TONIA және тіркелген маржадан тұрады. Аталған облигацияларды орналастыру кірісі 15,6% (TONIA 14,35% және тіркелген маржа 1,25%) болды.

Құбылмалы ставкалы ҚОҚ облигациялары инвесторларға қайта бағалау кезінде елеулі шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді. Өйткені олардың кірістілігі нарықтық болып табылады.

ҚОҚ облигацияларының осы жаңа түрі апта сайын орналастырылып отырылады. Купондық сыйақы проспектіге сәйкес жылына екі рет төленеді.

Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Posted by / Қазан 3, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 30 МЛРД ТЕҢГЕ СОМАСЫНА ОБЛИГАЦИЯНЫ ӨТЕДІ ЖӘНЕ ИНВЕСТОРЛАРҒА КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00008050 облигацияларын 30 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Төленген купондық сыйақының мөлшері 2,85 млрд теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 30 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 10 қыркүйекте шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 460 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Қыркүйек 12, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 50 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006948 облигацияларын 50 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақының ортақ мөлшері 8,5 млрд теңгені құрады. Оның тең жартысы 2021 жылы, ал қалғаны бүгін төленді. Бір купонның кірісі 85 теңге болды.

Екі жылдық облигациялар 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 4 қыркүйекте шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 430 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Қыркүйек 5, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 10 МЛРД ТЕҢГЕ СОМАСЫНА ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ УАҚЫТЫЛЫ ӨТЕП, ИНВЕСТОРЛАРҒА КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ БЕРДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007508 облигацияларын 10 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақының мөлшері 976 388 889 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 97,64 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар (370 күн) 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 13 тамызда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 380 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Тамыз 23, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 10 МЛРД ТЕҢГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007490 облигацияларын 10 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақының мөлшері 976 388 889 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 97,64 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар (370 күн) 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 6 тамызда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 370 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Тамыз 16, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ӨТЕГЕН ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ОРТАҚ СОМАСЫ 360 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007482 облигацияларын 10 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Инвесторларға төленген купондық сыйақының мөлшері 976 388 889 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 97,64 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар (370 күн) 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 16 маусымда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 360 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Шілде 26, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 10 МЛРД ТЕҢГЕ СОМАСЫНА ОБЛИГАЦИЯНЫ ӨТЕП, КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007466 облигацияларын 10 млрд теңге сомасына толық өтегені туралы хабарлайды. Төленген купондық сыйақының мөлшері 976 388 889 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Бір жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 26 маусымда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 340 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы болып табылады.

Posted by / Шілде 5, 2022

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ӨЗ ИНВЕСТОРЛАРЫНА 950 МЛН ТЕҢГЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007581 облигациялары бойынша купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 950 000 000 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Үш жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 10 млрд теңге сомасына 2021 жылғы 2 шілдеде шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 330 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Posted by / Шілде 4, 2022

ОБЛИГАЦИЯЛАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007516 мен KZ2C00007573 облигациялары бойынша сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 1,9 млрд теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 2021 жылы маусым айында шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 330 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпорны болып табылады.

Posted by / Маусым 20, 2022