RU

FITCH ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН «ВВВ» ДЕҢГЕЙІНДЕ, «ТҰРАҚТЫ» БОЛЖАММЕН РАСТАДЫ

Fitch Ratings Қазақстанның орнықтылық қорының (ҚОҚ) шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін (РДЭ) «BBB» деңгейінде растады. Болжам «Тұрақты».

ҚОҚ 2017 жылы құрылған. Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚҰБ) болып табылады.

Қор суверенді деңгейде жоғары инвестициялық тартымдылықты сақтайды.

Қор қызметін рейтингтік бағалау аудиттелген қаржылық есептілікпен, тұрақты қаржылық көрсеткіштермен, оңтайландырылған бизнес-процестермен және қор нарығындағы тұрақты позициялармен расталады.

Рейтингтің суверенді деңгейі «7-20-25. Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын қаржыландыру мақсатында биржада орналастыратын облигацияларға деген инвесторлардың сенімін нығайтады.

Қордың облигациялары нарық субъектілерінің, оның ішінде жеке тұлғалардың арасында орналастырылады.

Өз қызметінде жоғары стандарттарды сақтай отырып, Қор TONIA индикаторына бекітілген тұрақты және құбылмалы мөлшерлемелері бар облигацияларды орналастыру арқылы ағымдағы және жаңа әлеуетті инвесторлармен сенімді қарым-қатынас орнатуды жалғастыруда.

 

Fitch Ratings ресми мәлімдемесінің толық мәтініне сілтеме: https://www.fitchratings.com/research/international-public-finance/fitch-affirms-jsc-kazakhstan-sustainability-fund-at-bbb-outlook-stable- 25-11 -2022 ж

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*
*