RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 108,5 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

Ақпан айында «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 108,5 млрд теңге сомасына KZ2C00006484 үш жылдық облигацияларын өтеді.

Бүгіндері Қазақстандық орнықтылық қоры корпоративтік эмитенттердің арасында бағалы қағаздар нарығының ең белсенді қатысушысы болып танылды. Қор KASE-де орналастырылған корпоративтік облигациялардың 60% үлесіне ие. 2023 жылы бір, екі, үш, бес және жеті жылдық облигацияларды орналастыру жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында жоғары сұраныс алып отыр.

Қор бекітілген мөлшерлемелі облигациялармен қатар TONIA индикаторымен байланысты өзгермелі купондық мөлшерлемесі бар облигациялар орналастырады. Ол инвесторға пайыздық тәуекелден қорғауды, оң спрэдпен тәуекелсіз мөлшерлеме деңгейінде табыстылық пен қайта инвестициялау қажеттілігінен айрылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Жарияланды / Ақпан 28, 2023