RU

FITCH ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕЙТИНГІН «ВВВ» ДЕҢГЕЙІНДЕ, «ТҰРАҚТЫ» БОЛЖАММЕН ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫРДЫ

Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның орнықтылық қорының (ҚОҚ) шетелдік және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингтерін (РДЭ) «BBB» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

2023 жылдың 20 қарашасында Fitch агенттігі рейтингті өзгеріссіз қалдырды.

2022 жылдың соңында Fitch Қазақстан үкіметінің ҚОҚ-қа қолдау көрсету мүмкіндігі мен дайындығын өте жоғары деп бағалаған еді. Fitch-тің бұл бағалауы ҚОҚ-тың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі екендігімен байланысты болды.

2020 жылдың 11 ақпанында Fitch ҚОҚ-қа алғаш рет рейтинг бекітті. 2021 жылғы 25 қаңтарда, 2022 жылғы 25 қарашада және 2023 жылғы 20 қарашада ҚОҚ рейтингі BBB/Тұрақты болжамымен Fitch тарапынан үш мәрте расталды.

Fitch Ratings сайтындағы ҚОҚ статусы

Жарияланды / Желтоқсан 5, 2023