RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 1 425 000 000 ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) KZ2C00007128 облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақыны уақытылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері  – 1 425 000 000 теңге.

Жеті жылдық облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 15 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 14 желтоқсанда шығарылды. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру ұйымдарының, активтерді басқару қорларының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Бұл ағымдағы қаржы жылындағы саны бойынша он бірінші купондық сыйақыны төлеу болып табылады. Инвесторларға төленген купондық сыйақылардың жалпы сомасы 2021 жылы – 68,8 млрд теңгеге жетті. Қазақстанның қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ өтеген облигациялардың жалпы саны 320 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ-тың биржалық портфелі бір, екі, үші, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Жарияланды / Желтоқсан 14, 2021