RU

ОБЛИГАЦИЯЛАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00007516 мен KZ2C00007573 облигациялары бойынша сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 1,9 млрд теңгені құрады. Бір купонның кірісі 95 теңге болды.

Облигациялар 9,5% жылдық купондық кірістілігімен 2021 жылы маусым айында шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 330 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпорны болып табылады.

Жарияланды / Маусым 20, 2022