RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІН ЖАРИЯЛАДЫ

2022 жылы Қор Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ету және бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі стратегиялық міндеттерін іске асыру мақсатында бекітілген бағдарламалар шеңберінде өз қызметін үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырды.

1. Қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету:
– бұрын салынған қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету бөлігінде ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығы бағдарламасын іске асыруды жалғастырды;
– бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға инвестициялау үшін сапалы құрал ұсынды, жалпы сомасы 556 млрд теңгеге облигациялар орналастыруды жүзеге асырды. Бұл ретте 325 млрд теңге сомасына бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді өтеді, осылайша қор нарығының дамуына үлесін қосты;
– қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтау және олардың берешегін азайтуға жәрдем көрсету мақсатында Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруға қатысуды жалғастырды, оның шеңберінде жалпы сомасы 363 млрд теңгеге 53,7 мыңнан астам қарыз алушы қайта қаржыландырылды.

2. Нарық жағдайында экономиканы дамытуға қаржылық қолдау көрсету:
– ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары бойынша 427,5 млрд теңге сомасына қарыздар берілді, бұл 29 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді;
– «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарына 27 млрд теңге сомасында қаржылық қолдау көрсетілді.

3. Тиімді және орнықты Қор құру:
Қор 2022 жылғы таза пайданы 76 млрд теңге мөлшерінде алды, бұл жоспарлы көрсеткіштермен салыстырғанда орындаудың 143%-ын құрады.

Тиімділік көрсеткіштері:
ROA – 2,0% (жоспардың 138% орындалуы);
ROE – 2,89% (жоспардың 142% орындалуы).

Сондай-ақ 2022 жылы Қор 264 млрд теңге сомасына негізгі борыш пен пайыздық сыйақы түрінде бағдарламалық қаражатты қайтарып берді, бұл осы көрсеткіш бойынша жоспармен салыстырғанда 101%-ды құрады.

Стратегиялық бағыттарға қол жеткізумен қатар, Қор өз жұмысында бизнестің орнықты дамуы мен корпоративтікәлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын басшылыққа алды.

Қазақстанның орнықтылық қорының 2022 жылғы Жылдық есебімен МЫНА ЖЕРДЕН таныса аласыздар.

Жарияланды / Шілде 31, 2023