RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ 2022 ЖЫЛҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ БІРІНШІ ӨТЕМІН ЖАСАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжам «Тұрақты», бұдан әрі – ҚОҚ) 10 млрд теңге сомасына облигацияларды уақытында өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы 976 388 889 теңгені құрады. Өтеу мерзімі 370 күндік бағалы қағаздар (KZ2C00007458) 2021 жылдың 4-ші маусымында биржаға шығарылған болатын. Купондық кірістілігі 9,5% құрады. Облигациялар нарықтық инвесторлар – екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары және брокерлік ұйымдар арасында сатылды.

Бұл ҚОҚ облигацияларының биылғы бірінші өтелуі. Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап өтелген ҚОҚ облигацияларының жалпы көлемі 330 млрд теңгеге жетіп отыр.

ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады. Облигациялар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына кіреді және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кәсіпорны болып табылады.

Жарияланды / Маусым 14, 2022