RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ИНВЕСТОРЛАРҒА 8,5 МЛРД ТЕҢГЕ МӨЛШЕРІНДЕ КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006484 облигациялар бойынша екінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 8 500 000 000 теңге құрады. Бір купонның кірісі 85 теңге болды.

Үш жылдық облигациялар 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 100 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 27 ақпанда шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Жарияланды / Ақпан 28, 2022