RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ӨЗ ИНВЕСТОРЛАРЫНА КУПОНДЫҚ СЫЙАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ ТӨЛЕДІ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (Fitch Ratings «BBB»/болжамы «Тұрақты», бұдан әрі ҚОҚ) KZ2C00006476 облигациялары бойынша екінші купондық сыйақыны уақтылы төлегені туралы хабарлайды. Төленген сыйақының мөлшері 4 250 000 000 теңгені құрады. Бір купонның кірісі 85 теңге болды.

Бес жылдық облигациялар 8,5% жылдық купондық кірістілігімен 50 млрд теңге сомасына 2020 жылғы 10 сәуірде шығарылған болатын. Бағалы қағаздар нарық ойыншылары: екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру компанияларының, активтерді басқару ұйымдарының және брокерлік ұйымдардың арасында өткізілді.

Қазақстан қор биржасында тіркелген сәттен бастап ҚОҚ-тың өтелген облигацияларының жалпы сомасы 320 млрд теңге құрайды.

Қазіргі кезде ҚОҚ биржалық портфелі бір, екі, үш, бес, жеті және он жылдық облигациялардан тұрады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына енгізілген және екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарын сатып алу арқылы
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын іске асыру мақсатында шығарылады.

ҚОҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы болып табылады.

Жарияланды / Сәуір 11, 2022