RU

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ ТАМЫЗ АЙЫНДА 35 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ӨТЕДІ

Қазақстанның орнықтылық қоры 35 586 410 000 теңге сомасына бір жылдық KZ2C00008688 облигацияларын толықтай өтеді. Инвесторларға төленген купондық сыйақы көлемі 3 380 708 950 теңгені құрады. Аталған құнды қағаздар айналымға 2022 жылдың 19 тамызында түскен болатын.

ҚОҚ өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда және облигацияларды одан әрі орналастыруды жоспарлап отыр. Осы уақытта өтелген ҚОҚ облигацияларының жалпы сомасы 905 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.

ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.

ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Жарияланды / Тамыз 21, 2023