«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 2026 жылдың мамыр айында 24,1 млрд теңге сомаға KZ2C00012045 бір жылдық облигацияларын уақытылы және толық өтеді. Инвесторларға төленген сыйақының жалпы сомасы 3 млрд теңгені құрады. Осылайша, ҚОҚ Қазақстан қор биржасында облигациялық бағдарламаны іске қосқан уақыттан бері өтеген облигациялардың ортақ сомасы 2 трлн теңгеге жетіп отыр.
Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.
ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.
ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».
