RU

ҚОҚ ҚҰБЫЛМАЛЫ СТАВКАМЕН ОБЛИГАЦИЯЛАР ОРНАЛАСТЫРА БАСТАДЫ

«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) 29-шы қыркүйекте TONIA индикаторына бекітілген өзгермелі купоны бар облигацияларды тұңғыш рет биржаға шығарды. Өткен аптада KZ2C00008910 (KFUSb45) облигацияларының орналастыру көлемі 10 млрд теңгені құрады.

Аукционға нарықтағы инвесторлар қатысуда. Олар: екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, активтерді басқару қорлары, брокерлік ұйымдар және жеке тұлғалар.

Облигацияның осы түрі ұстаушыларға тәуекелсіз ставкадан жоғары кірісті қамтамасыз етеді. Өйткені купон мөлшері TONIA және тіркелген маржадан тұрады. Аталған облигацияларды орналастыру кірісі 15,6% (TONIA 14,35% және тіркелген маржа 1,25%) болды.

Құбылмалы ставкалы ҚОҚ облигациялары инвесторларға қайта бағалау кезінде елеулі шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді. Өйткені олардың кірістілігі нарықтық болып табылады.

ҚОҚ облигацияларының осы жаңа түрі апта сайын орналастырылып отырылады. Купондық сыйақы проспектіге сәйкес жылына екі рет төленеді.

Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».

Жарияланды / Қазан 3, 2022