RU

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ІСКЕ АСЫРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ КОНКУРСТЫҚ БӨЛУГЕ ҚАТЫСТЫ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ МӘЛІМДЕМЕСІ

«7-70-25» бағдарламасының операторы болып табылатын «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ ипотекалық бағдарлама шарттарында тұрғын үй салу және оны үлестіру бойынша қандай да бір конкурстар өткізу қарастырылмағанын хабарлайды.

Теріс ұғымдар мен түсініктер қалыптаспас үшін, Шымкент қаласында анықталған қателіктер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттарына еш қатысы жоқтығын мәлімдейміз. Қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен.

7-20-25 бағдарламасына қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Атында баспананың болмауы;
  • Басқа ипотекалық тұрғын үй несиелерінің болмауы;
  • Еңбек не кәсіпкерлік қызметтен түсетін ресми расталған табыс.

Ипотекалық несие шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлеме – 7%, алғашқы жарна – үй құнының 20%-ынан бастап, мерзімі – 25 жылға дейін.

Жарияланды / Сәуір 25, 2022