RU

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ІСКЕ АСЫРҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ КОНКУРСТЫҚ БӨЛУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚР ИИДМ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ БОЙЫНША «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫ» АҚ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

БАҚ беттерінде жарияланған, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Шымкент қаласында тұрғын үйді үлестіру бойынша тергеу басталғаны туралы мәлімдемесіне сай, «Қазақстан орнықтылық қоры» ҚР ИИДМ мен Шымкент қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері осы тақырып туралы сұхбат бергенде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орнына «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын шатастырып айтып жүргендерін хабарлайды.

«7-20-25» бағдарламасының шарттарында тұрғын үй салу және оны бөлу бойынша конкурстар өткізу қарастырылмаған.

Шымкент қаласында анықталған қателіктер жергілікті атқарушы орган жүзеге асырған тұрғын үйді бөлу механизмінде кеткен. Оның «7-20-25» бағдарламасына еш қатысы жоқ.

Жарияланды / Мамыр 25, 2022