«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 2024 ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

2024 жылы «7-20-25» бағдарламасы (бұдан кейін – Бағдарлама) аясында 100 млрд теңге сомаcына 5 891 ипотекалық қарыз берілді. Бағдарлама басталғалы бері (2018 жылғы шілдеден бастап) 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 074,2 млрд теңгеге 77 593 несие берілді.

Оның ішінде Астанада 450,3 млрд теңгеге 28 270 несие, Алматыда – 253,6 млрд теңгеге 16 079 несие, Шымкентте – 73,4 млрд теңгеге 5 753 несие, Қарағанды облысында – 63,6 млрд теңгеге 4 955 несие, Ақтөбе облысында – 30,7 млрд теңгеге 3 165 несие, Ақмола облысында – 30,2 млрд теңгеге 3 008 несие берілді.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Бағдарламада 100 млрд теңге көлемінде кредиттеу лимиті бекітілді.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

«7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: ЦентрКредит Банкі, Халық Банкі, Freedom Finance Қазақстан Банкі, РБК Банкі, Altyn bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Бағдарламаның шарттары туралы ТОЛЫҒЫРАҚ

Posted by / Қаңтар 6, 2025