ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРНЫҚТЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АЛАҢЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингтік комиссиясының шешімімен «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының операторы – Қазақстанның орнықтылық қорынының (бұдан әрі – ҚОҚ) облигациялары KASE ресми тізімінің «Балама» алаңынан «Негізгі» алаңына ауыстырылды. Бұл ҚОҚ облигацияларының биржалық қаражат тарту бойынша оң тәжірибесі бар ірі және орнықты қаржы компаниялардың алаңдарына еңгізілгенін білдіреді.

Компанияларды тізімнен тізімге ауыстыру компанияның және оның бағалы қағаздарының ресми тізімнің өлшемшарттарына сәйкестігін қадағалап отыратын KASE тәуелсіз шешімінің негізінде жүргізіледі.

Биржада орналастырылған ҚОҚ облигацияларының жалпы сомасы 2020 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша шамамен 400 млрд. теңге құрайды. Тартылатын қаражатты компания «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыруға жұмсайды.

ҚОҚ облигацияларының шығарылымдары бойынша төлемдер бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы жылғы сәуір айының басында ҚОҚ облигацияларды 108,5 млрд. теңге сомасына өтеді. Оның ішінде купондық сыйақының мөлшері 8,5 млрд. теңгені құрады.

Posted by / Мамыр 11, 2020