
«Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ (ҚОҚ) сәуір айында жалпы сомасы 50 млрд теңгені құрайтын бес жылдық KZ2C00006476 облигацияларын өтеді. Инвесторларға 4,25 млрд теңге сыйақы төленді. Аталған облигациялар 2020 жылғы 10-ші сәуір күні 8,5% купондық сыйақымен орналастырылған болатын.
ҚОҚ облигацияларды одан әрі орналастыру арқылы өзінің облигациялық бағдарламасын іске асыруды жалғастырып келеді. Бүгінгі таңда өтелген облигациялардың жалпы сомасы 1,5 трлн теңгеге жетіп отыр.
Қазіргі таңда Қор облигациялары ұқсас рейтингі бар мемлекеттік бағалы қағаздар деңгейіне тұрақты спрэд беру, эмитент рейтингі суверенді рейтингпен бірдей, салықтан босатуға рұқсат беретін бағалы қағаздардың агенттік мәртебесі, қор биржасында орналастырудың жоғары жиілігі және нарықтағы төлемдер мен өтеулердің мінсіз тарихы сынды артықшылықтарға ие және соның арқасында нарықта жоғары сұраныс бар.
ҚОҚ облигацияларын брокерлік компаниялар, банктер, сақтандыру компаниялары және активтерді басқарушы компаниялар ұстап отыр.
ҚОҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымы. Fitch Ratings халықаралық шкаласы бойынша ҚОҚ кредиттік рейтингі «BBB» / болжам «Тұрақты».